Ауданның экономикалық дамуына атсалысып, ұзақ жылдар бойы бір салада қызмет етіп, ұлтаралық достық пен саяси тұрақтылықты сақтау жолында еңбегі ерекше ақсақалымыз — Исмаил Ахметұлы бүгін мерейлі 80 жасқа толып отыр.

Арнайы құттықтап барып, «Сарысу ауданына еңбек сіңірген» төсбелгісімен марапаттадым.
Ақсақалға мықты денсаулық, салиқалы ұрпақ тілеймін! Сөзі мен ісінде ірілік, жүрегіне мейірбандық ұялатқан қария, рахметін айтып, батасын берді.
Марат Сұлтанғалиев, Сарысу ауданының әкімі