Күнде сорпа ішу міндет пе?

67

сурет: istockphoto.com

Күнде сорпа ішу міндет пе?: 13 ақпан 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Күн сайын міндетті түрде сорпа ішу талап емес. Диетолог маманның сөзінше, сорпа ішу дәстүрі физиологиялық қажеттіліктен емес, тарихи қалыптасқан тамақтану мәдениетінен шыққан. Сондықтан әр адам сорпаны рационына қосу-қоспау мәселесін өзі шешеді, деп хабарлайды turkystan.kz Life.ru-ға сілтеме жасап.

Сонымен қатар маман сорпаның пайдалы тұстары бар екенін атап өтті. Сұйық тағам, әсіресе сорпа, асқазанға құрғақ тіскебасарларға қарағанда жеңіл қорытылады. Құрамында көкөніс көп болған жағдайда ол ағзаға талшық пен дәрумен береді. Ал тауық сорпасы тыныс жолдарының шырышты қабығының жұмысын жақсартып, суық тиген кезде қалпына келуге көмектесуі мүмкін.

Ыстық тағамдар әсіресе күн суытқанда пайдалы. Қыста ағза әлсірегенде, жылы сорпа күш-қуатты қалпына келтіруге ықпал етеді. Мамандардың айтуынша, дәстүрлі сорпалардан бөлек, мисо-сорпа немесе көкөністі кеспе секілді азиялық нұсқалар да күнделікті ас мәзіріне балама бола алады.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/276167-kunde-sorpa-isu-mindet-pe

Leave A Reply

Your email address will not be published.