«Ішкі күш пен үміт – қиындықты жеңудің кілті»

34

Жамбыл ауданындағы Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясында мектеп оқушыларына арналған «Ішкі күш пен үміт – қиындықты жеңудің кілті» атты тәрбиелік шара өткізілді.

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өткен жиынды аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері мен мектеп психологы С.Бердалиева бірлесіп ұйымдастырды.

Шара барысында оқушыларға заңға бағынудың, тәртіп сақтаудың және өз ішкі күшіне сенудің маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар өмірлік қиындықтармен күресу жолдары, жауапкершілік пен өз-өзіне сенімділікті дамыту жөнінде пайдалы кеңестер берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.