Ирандағы жаппай наразылық кезінде 6 адам қаза тапты

44
Ирандағы жаппай наразылық кезінде 6 адам қаза тапты
ВВС
Ирандағы жаппай наразылық кезінде 6 адам қаза тапты: 2 қаңтар 2026, жаңалықтар Turkystan.kz

Иранда қымбатшылық пен ұлттық валютаның құнсыздануына байланысты туындаған ауқымды наразылық акциялары бесінші күн қатарынан жалғасып жатыр. Соңғы мәліметтерге сәйкес, қауіпсіздік күштерімен болған қақтығыстар кезінде кемінде алты адам қаза тапқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ирандық БАҚ пен құқық қорғаушылардың мәліметінше, елдің оңтүстік-батысындағы Лордеган қаласында екі адам қақтығыстардың құрбаны болған. Тағы үш адам Лорестан провинциясындағы Азна қаласында, ал бір адам Иранның батысындағы Кухдаште қаза тапқан. Алайда ресми дереккөздер қаза тапқандардың наразылық білдірушілер ме, әлде қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері ме екенін нақтыламады.

Әлеуметтік желілерде оқиға орындарынан түсірілген бейнежазбалар тарауда. Кадрлардан көшедегі тәртіпсіздіктер кезінде өртенген көліктер мен жасалған өрттерді көруге болады. Тексеруден өткен бейнематериалдар Лордеганда ғана емес, Тегеранда, сондай-ақ елдің оңтүстігіндегі Фарс провинциясына қарасты Марвдаште қаласында да наразылықтар болғанын көрсетеді.

Наразылық акцияларына қатысушылардың бір бөлігі қазіргі билікке қарсы ұрандар айтып, елдің жоғарғы көшбасшысының отставкаға кетуін талап етуде. Кейбір жағдайларда монархияны қалпына келтіру туралы талаптар да айтылуда.

Hengaw құқық қорғау тобы Лордеганда қаза тапқан екі адамның наразылық білдірушілер болғанын мәлімдеп, олардың есімдерін атады. Иран билігі бұл мәліметтерге әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Бұған дейін Иранда жаппай наразылық акциялары өтіп жатқаны хабарланған болатын. Жаңа жыл түні демонстранттар Ченар қаласында «Басидж» атты әскерилендірілген құрылымның тірек пунктін өртеп жіберген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.