Германияда лаңкестік ұйымдастырмақ болғандардың жолы кесілді

483

Германияда террористік топ құрықталды.

Тұтқындалған 6 азамат та – оңшыл радикалды немістер. Лаңкестік топ осыдан бірнеше апта бұрын «Революция Хемниц» деп аталатын ұйым құрған. Олар үшінші қазан күні елдің барлық қалаларында жаппай мереке кезінде оқ атпақ болған. Сондай-ақ БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, олар саясаткерлер мен журналистерге де шабуыл жасауды көздеген. Күдіктілер қару-жарақ сатып алар кезде ұсталды. Қылмыстық полиция Саксония мен Баварияда 100-ден аса қызметкердің көмегімен ауқымды операция өткізді.

– Тергеу кезінде тұтқындалғандардың ұйым құрғандағы негізгі мақсатын анықтадық. Олар шетелдіктермен қатар саясаткерлерге шабуыл жасап, адам көп жиналған жерде қарудан оқ ашпақ болған. Біз олардың қару-жарақ іздестіргенін білдік. Алдында болған ереуілде шетелдіктерді жарақаттаған да осылар. Ал үшінші қазан күні қандай жоспарлары болғанын ендігі тергеуде білеміз. Олардың Саксония өңіріндегі оңшыл радикалдар құрамынан екенін айта кеткім келеді, – дейді прокуратура өкілі: Фрауке Кёлер.

24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.