Естай Беркімбайұлының есімі Анкарада ұлықталды

601

Қазақтың көрнекті әншісі, ақын-сазгері Естай Беркімбайұлының есімі Анкарада ұлықталды. Композитордың туғанына 150 жыл толуына орай Түркияның төрінде арнайы шара өтті. Жиынға түріктің танымал тұлғалары, дипломатиялық миссия жетекшілері және ақынның туған жері Павлодар облысынан меймандар келді. Шарада түркі әлеміне «Құсни-Қорлан» әнімен танылған тұлғаның шығармашылығы жайында айтылып, павлодарлық өнер ұжымы оның авторлық әндерін орындады. Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы қазақстандық меймандарды арнайы төс белгімен марапаттап, қошемет көрсетті.
Алтынбек Нұхұлы, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті ректоры:

— Осындай үлкен ақынның мерейтойын түркі әлеміне шығарып жатқан ТҮРКСОЙ-дің 25 жылдық тойында соны басқарып отырған қазақ елінің мақтанышы Дүйсен Қасейінов ағамыздың арқасында болып жатқан іс-шараға және түркі еліне үлкен ризашылығымызды білдіргіміз келеді. Себебі, қазақтың маңдайалды, талантты осыдай өзіне берілер бағасын әлемдік деңгейге көтеріліп шығарып жатқаны қазақ елі үшін үлкен мақтаныш деп санаймын.

24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.