Ертең Жамбыл облысында «Қыс-2018» республикалық оқу-жаттығуы өтеді

542

Ертең Жамбыл облысында «Қыс-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.

Оқу-жаттығу жұмыстары аясында облыстық Төтенше жағдайлар департаменті «Алматы-Ташкент-Термез» автожолындағы «Күйік» асуында арнайы құрылымдардың  қысқы мезгілінде орын алған төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылын пысықталмақ.

Атап айтқанда:

-құлақтандыру және байланыс, шұғыл кезекшіліктің ұйымдастырылуы, диспетчерлік  және болжамдау қызметтерінің  жұмысы, құрылған материалдық-техникалық, азық-түлік және медициналық қордың  дайындығы;

— төтенше жағдайлар туындаған орыннан халықты қауіпсіз ауданға көшіру мәселелерін, халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-шараларын жүргізу;

— автожолдың қауіпті учаскесінің қозғаласын уақтылы жабу, зардап шеккендерді құтқару, оларға психологиялық және медициналық көмек көрсету, жылыту пунктеріне орналастыру, көлік құралдарын қауіпсіз орындарға көшіру мәселелері жан-жақты тексеріледі.

Департаменттің хабарлауынша, арнайы шараға жергілікті атқарушы органдардың, Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті, «Өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары қызметі», «Жедел құтқару жасағы», «Апаттар медицинасы орталығының» Жамбыл облысы бойынша филиалы, Жамбыл облысы ПД Жергілікті полиция қызметі, «ҚазАвтоЖол» Жамбыл облыстық филиалы және Ұлттық Ұланы №5513 әскери бөлімінің өкілдері қатысады.

Оқу-жаттығуға жалпы саны 380 адам және 122 техника жұмылдырмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.