Елорда мерейтойын аймақ болып атап өтті

598

Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Астана қаласының 20 жылдығына орай ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізу, іс-шараларды ұйымдастырып өткізу» тақырыбындағы әлеуметтік жобасы аясында  ағымдағы жылдың маусым-қыркүйек айлары аралығында ауқымды жұмыстар атқарды.

Атап айтқанда, Бурыл, Көптерек, Көктал ауылдық округтерінде Қазақстан Республикасының Елордасы Астана қаласының 20-жылдығына орай дөңгелек үстел өткізілді.

Сонымен қатар, Байзақ, Дихан, Жаңатұрмыс, Сазтерек, Темірбек ауылдық округтерінде Қазақстан Республикасының Елордасы Астана қаласының 20-жылдығына орай кездесу ұымдастырылды.

Шара аясында, сондай-ақ, Сарыкемер ауылдық округінде «Асқақтай бер, Астана!» атты жастар арасында 100 адамнан кем емес аудиторияда акция өткізіліп, Қызыл Жұлдыз ауылдық округінде Астана күніне орай флешмоб және Ынтымақ ауылдық округінде акция өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.