Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалында жеңіліп қалды

68

ҚТФ

https://turkystan.kz/article/265286-elena-rybakina-wta-1000-turnirinin-zartylai-finalynda-finalynda-zenilip-qaldy
Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина Монреаль (Канада) WTA 1000 турнирінің финалына шыға алмады.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда WTA рейтингісінде 85-орында тұрған 18 жастағы канадалық Виктория Мбокомен шеберлік байқасты.

Өткен айда қарсыластар Вашингтон WTA 500 турнирінде кездесіп, онда Рыбакина 6:3, 7:5 есебімен ұтқан еді.

Осы дода барысында әлемнің 2-ракеткасы, америкалық Кори Гауфты 6:1, 6:4 есебімен жеңген В.Мбоко осал емес-ті. Бұл жолы бірінші партияда қазақстандық теннисші 6:1 есебімен басым түсті.

Екінші сетте стадион толы жанкүйердің қолдауымен жергілікті спортшы есе қайырды — 7:5.

Үшінші, шешуші партияда есеп 2:2 болған мезетте Рыбакина брейкке қол жеткізіп, өз геймін де қоса алды — 4:2. Бірақ есеп 5:4 болып, өзі доп бергенде, матчболын мүлт жіберді — 5:5.

Бұдан кейін қарсыластар тағы брейк алмасты — 6:6. Тай-брейк канадалық спортшының пайдасына шешілді — 7:6 (7:4).

Екі сағат 46 минутқа созылған тартысты бәсекеде Рыбакина 5 эйспен бірге 13 брейк-пойнттың жетеуін пайдаланды.

Мбоко 4 эйс, 6 брейкпен (10 брейк-пойнт) ерекшеленді. В.Мбоко финалда әлемнің 19-ракеткасы, даниялық Клара Таусон немесе рейтингіде 49-сатыдағы жапониялық, «Үлкен дулыға» турнирлерінің төрт дүркін чемпионы Наоми Осаканың қай жеңгенімен бас жүлдені сарапқа салады.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/265286-elena-rybakina-wta-1000-turnirinin-zartylai-finalynda-finalynda-zenilip-qaldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.