Елена Рыбакина Miami Open-2026 турнирінің ширек финалына шықты

50

Қазақстан теннис федерациясы

Елена Рыбакина Miami Open-2026 турнирінің ширек финалына шықты: 24 наурыз 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 2-орын) АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан WTA 1000 сериясындағы турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

1/8 финалда Рыбакина австралиялық Талия Гибсонға (68-орын) қарсы ойнап, екі сет қорытындысы бойынша жеңіске жетті — 6:2, 6:3.

Еске сала кетейік, бұған дейін Miami Open-2026 турнирінде Елена Рыбакина өз отандасы Юлия Путинцева (75-орын) — 6:3, 6:3 және украиналық Марта Костюк (28-орын) — 6:3, 6:4 есебімен жеңген болатын.

Ал Талия Гибсон Майамидегі турнирде бес матч өткізді: ол грузиялық Екатерина Горгодзе (165-орын), өзбекстандық Камилла Рахимова (82-орын) және чехиялық Сара Бейлек (41-орын) теннисшілерін жеңді. Бұдан кейін екі ірі сенсация жасап, жапониялық Наоми Осака (15-орын) мен америкалық Ива Йович (17-орын) спортшыларын ұтты.

Турнирдің жүлде қоры 9 415 725 долларды құрайды. Жекелей сында жеңіске жеткен теннисші 1 151 380 доллар табыс тауып, сондай-ақ 1000 рейтингтік ұпай иеленеді.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/278591-elena-rybakina-miami-open-2026-turnirinin-sirek-finalyna-syqty

Leave A Reply

Your email address will not be published.