Елбасы қазақстандықтарды еліміздің сайлау жүйесінің 25 жылдығымен құттықтады

13

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды еліміздің сайлау жүйесінің 25 жылдығымен құттықтады. Мемлекет басшысының құттықтауын еліміздің Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова ҚР Орталық сайлау комиссиясының 25 жылдығына арналған халықаралық конференция барысында оқып берді.

«Еліміз Тәуелсіздік алған сәттен бастап  мемлекеттік және саяси құрылымды жетілдіре отырып, кезең-кезеңдік реформалар жолымен жүріп келеді. Қазақстан бұл саладағы кең ауқымды жаһандық ынтымақтастықтың белсенді жақтасы бола отырып, сайлау құқығы мен сайлауларды ұйымдастырудағы жоғары халықаралық стандарттарды нық ұстанатындығын паш етеді», — деді Елбасы құттықтауында.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.