Елбасы Қазақстан халқына Жолдауын жариялауда

667

Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы басталды. Стратегиялық құжат еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналған.

Жиынға ҚР Парламент палаталарының төрағалары, депутаттар, ҚР Үкімет мүшелері, ҚР Жоғарғы Соты, Конституциялық Кеңесі және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, ұлттық компаниялардың бірінші басшылары, ірі қоғамдық ұйымдар жетекшілері, БАҚ өкілдері қатысуда.

Нұрсұлтан Назарбаев: «Ұлттық банк Үкіметпен бірлесе отырып қаржы және нақты секторларды сауықтыру, инфляцияға қарсы кешенді саясат жүргізу мәселелерін жүйелі түрде шешуге кірісуі қажет».

Жолдау: Ұлттық банк басым бағыттағы өндіріс саласын, шағын және орта бизнесті несиелеу үшін 600 миллиард теңге бөледі.

Жолдау: Өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортты қолдауға алдағы 3 жылда қосымша 500 миллиард теңге бөлінеді.

«Экономикалық саясаттың басты бағыты — экспортқа шығу. Әсіресе, шикізатты өңдеу саласына басымдық берген жөн», — дейді Президент.

Жолдау: Мемлекеттік органдар отандық кәсіпорындардың «қарапайым бұйымдар экономикасы» деп аталатын, халық көп тұтынатын тауарлар тізбесін шығаруды кеңінен игеруіне көмектесуі керек.

Президент: «Экспортқа бағытталған индустрияландыру экономикалық саясаттың орталық элементіне айналуы тиіс».

Президент шағын және орта бизнеске салық амнистиясын жүргізуді тапсырды. Ол бойынша 2018 жылдың 1 қаңтарына дейінгі қалыптасқан айыппұлдар мен салық борыштары бойынша өсімдер жойылады.

ҚР Президенті: «Ең төменгі жалақы мөлшерінің өсуі — Қазақстанда 275 мың азаматтық қызметкердің табысын орташа есеппен 35 пайызға көтереді»

Мемлекет басшысы ең төменгі жалақының мөлшерін 1,5 есеге арттыруды тапсырды. Бұл арқылы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақысы төмен 1,3 миллион қазақстандықтың кірісі өседі.

«Еліміз бен Астанамыз халықаралық қауымдастық сенетін жерге айналды. Біз Еуразия өңірінің қаржылық, іскерлік, инновациялық, мәдени орталығы ретінде және өзіміздің болашағымыздың межесі ретінде қамтамасыз ету үшін жаңа елордамызды салдық. Ол бүкіл халқымыздың қуанышы мен мақтанышына айналды. Хвлық саны осы жылдардың ішінде 18 миллионнан асып, өмір сүру ұзақтығы 72,5 жасқа дейін артты. Тәуелсіздік алған алғашқы жылда Қазақстанда халық саны 14 миллионнан аспайтын еді. Біз берік экономикалық негіз қалыптастырдық», — деді ҚР Президенті.

«2019 жылғы жұмыстарға арналған Жолдауды бүгін жариялаймын. Біз тәуелсіздік жылдарында сіздермен бірге көп жұмыс атқардық. Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан замануи прогрессивті мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз еттік. Бұл біздің үлкен байлығымыз, сапалы әрі тарихи маңызы зор құрылымдық конституциялық және саяси реформалар жүргіздік», — деді Елбасы.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.