Елбасы бірнеше Заң жобаларына қол қойды

635

Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше Заң жобаларына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың  баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесінің ауданы туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сондай-ақ Елбасы «Халықаралық азаматтық авиацияға қатысты заңсыз актілермен күрес туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.