Ел игілігіне бағытталған маңызды жоба

91
Талас, Жуалы және Жамбыл аудандарының елді мекендерінде табиғи газды іске қосу салтанаты өтті
2025 жылғы 29 желтоқсанда Талас ауданы, Майтөбе ауылында «Жамбыл облысы Талас, Жуалы және Жамбыл аудандарының елді мекендеріне табиғи газ беру» жобасының салтанатты рәсімі ұйымдастырылды. Бұл шара үш аудан тұрғындары үшін тарихи әрі маңызды оқиға болып табылады.
Салтанатты шарада сөз сөйлегендер:
• Талас ауданының әкімі – Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы;
• Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары – Тұнғатов Дамир Сейсенбекұлы;
• «ҚазақГазАймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы басшысы – Көпбосынов Бақтияр Бейсембайұлы;
• Берікқара ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы – Сатыбалдиев Қуандық ағамыз.
Аталған жобаның іске қосылуы нәтижесінде 3 ауданның 9 елді мекеніндегі 944 үй көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі. Бұл ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды шара болып табылады.
Салтанатты рәсім барысында газдың іске қосылуы жарияланып, алау жағылды және мерекелік шашу ұйымдастырылды.
Аталған игі бастама – елдің әлеуметтік дамуы мен бірлігін көрсететін нақты нәтиже. Көгілдір отын әр шаңыраққа жылу, әр отбасыға береке әкелсін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.