Діни өкілдермен кездесу өтті

68

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №25 мекемесінде діни өкілдермен кездесу өтті.

Мекеменің жедел бөлімі теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобының жедел уәкілдері – әділет капитаны Ж.Жақсыбекұлы және әділет аға лейтенанты Т.Омардың ұйымдастырған жиынға «Ақ ниет» қоғамдық қорының Шымкент қаласы бойынша жетекшісі Дәлелхан Оспанов қатысты.

Басқосуда дін маманы «Террористік, діни экстремистік және деструктивтік іс-әрекеттерге барудың қауіптілігін анықтау» тақырыбында мекемедегі жазасын өтеушілерге түсіндерме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар сабақ барысында діни алауыздықтың шығу себептері және радикалды діни көзқарастың сыр-сипатын анық айтып өтті.

Сотталған азаматтар дін маманына толғандырған сұрақтарын қойып, толықтай жауаптарын алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.