Діни қызмет саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

432

Қазақ халқының ежелден ұстанатын діні – ислам. Тарихи деректерге сүйенсек, ата-бабаларымыздың ислам дінін қабылдағанына шамамен 12 ғасырдан астам уақыт өткен. Содан бері ислам діні қазақ жерінде ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып, бүгінгі күнге дейін қазақтың бөлінбес еншісіндей болып келеді.

Алайда, дін ұстай алсаң – қасиетің, ұстай алмасаң – қасіретің. Бұған Алланың ақ жолының атын жамылып, жат ағымдарға жетелеген түрлі топтардың әрекетінен анық аңғарып отырмыз. Сондай теріс ағымдарға ілесіп, өмірін ойран еткен жандар да жетерлік.

Білмеушіліктен, дұрыс ақпараттандырылмағандықтан туындайтын мұндай жайттардың алдын алу және ненің «ақ», ненің «қара» екенін жазасын өтеушілерге түсіндіру мақсатында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЖД-158/2 мекемесінде келелі кездесу өтті.

Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының бастамасымен өткен басқосуға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы републикалық ақпараттық-насихаттық топ мүшесі, Алматы облысындағы «Ибраһим» мешітінің бас имамы Серік Еншібай арнайы қатысты.

Жиын барысында имам ЖД-158-2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға дәріс оқып, діни қызмет саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Хақ жолынан таймаудың, жат ағымдарға ілеспеудің маңыздылығы жайында әңгіме қозғады.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.