Жамбыл ауданы әкімінің өкіміне сәйкес қызылша, жіті ішек аурулары, тұмау және ЖРВИ, туберкулездің, вирусты гепатит, менингит жұқпасының алдын алу мақсатында Жамбыл ауданының елді мекендерінде тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Бүгін аудан орталығы Аса ауылында аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Рүстем Бегалиев, «AMANAT» партиясы Жамбыл аудандық филиалының төрағасы Талап Әбдібеков, аудандық —
орталық аурухананың бас дәрігері, Сейдыахмет Шыныбеков, санитариялық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасының
бөлім басшысы Ж.Иманбеков бастаған ақпараттық топ мүшелері түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
