Дәрігерлерге алғыс білдірді

212

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтар коронавирус індетінен  пмдеп шыққан медициналық қызметкерлерге кәсіби қызметі мен көрсеткен қамқорлығы үшін алғыс айтты.

Сovid-19 инфекциясынан жазылған науқастар дәрігерлерге алғыстарын білдірді. Қауіпті дертті жеңіп, аман-есен ортаға қосылған азаматтар күні-түні өздерімен бірге дертпен күрескен медицина қызметкерлеріне шексіз алғыстарын білдірді.

«Барлығы өз жұмысын кәсіби деңгейде орындап, бізге жылы шырай танытып, үйдегідей күтім жасады. Сіздер өз отбасыларыңызды, туыстарыңыз бен жақындарыңызды тастап, осы қауіпті вируспен күресіп жүрсіздер. Сіздер – біздің республиканың мақтауға лайық азаматысыздар. Отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға береке тілеймін», — дейді жазылып шыққан Ж.Аликеев. Сондай-ақ қауіпті дерттен жанын арашалап қалған медицина қызметкерлеріне өлең жолдарын арнады.

Ғажайып бір мекеме ЖД-158/2 деген,
Рақмет айтам сондағы әр қызметкерге.
Әсіресе алғысым шексіз ақ халатты абзал жандарға,
Еңбегі зор орасан, көмегі көп әр жанға.
Мырзабай Ақназар, Сәдірмек Ботагөз,
Кеңес Мейірхан жана берсін еңбектерің,
Тілеулеспіз әрқашан!

Жер жаһанды жаулаған коронавирус індеті,
Жеңіп шықтық ерлікпен бас көтертпес бұл дертті.
Алғыс айтам ақ халатты абзал жандарға,
Еңбегі зор орасан, көмегі көп әр жанға.
Мырзабай Ақназар, Сәдірмек Ботагөз,
Кеңес Мейірхан жана берсін еңбектерің,
Тілеулеспіз әрқашан!

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.