«Біздің аула» жобасы жүзеге асуда

174

Волонтер жылына орай, «Таза әлем» волонтерлық бағытының мөлтек аудандардағы балалар алаңшаларын ретке келтіретін «Біздің аула» жобасы бастау алды.

Жамбыл облысы жастар саясаты мәселелрі басқармасының басиамасымен Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің бітіруші түлектері, оның ішінде дәнекерлеуші, электр маманы және басқа да кәсіптік мамандықта оқитын студенттер мен оқытушылар волонтер ретінде қатысып, қаладағы тұрғын үйлердің алаңшаларын ретке келтіруге атсалысты.

Сонымен қатар, волонтерлардың күшімен жыл соңына дейін қаладағы тұрғын үйдің алаңшаларына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарда бар.

Жыл соңына дейін 114 балалар алаңшасы мен 1 жерасты жолына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарда бар.

Жобаның жалғасын Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша «SANA» оқыту орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі іске асыруда. Жоба барысында Тараз қаласының мөлтек аудандарында, қоғамдық орындарында  жаңарту жұмыстар болып өтті. Жобаға 200 волонтер жастар мен табиғат жанашырлары атсалысты.  Жоба аясында балаларға арналған алаңшалар, орындықтар мен қоқыс жәшіктері жаңартылып, боялтылды.

Жалпы, жоба барысында 20-ға жуық балалар алаңшалары, яғни әткеншектер,  орындықтар боялды. Және бұл бастама  балаларға жаңа леп пен көтерінкі көңіл күй сылайтыны сөзсіз

Leave A Reply

Your email address will not be published.