Бішкек мэрі қызметінен босатылды

476

Бішкек қалалық кенешінің сенімсіздік вотумын білдіруіне байланысты, Албек Ибраимов Бішкек қаласының мэрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Кабар агенттігі Қырғызстан үкіметі аппаратының ақпараттық қамту бөліміне сілтеме жасап.

Қырғыз Республикасының премьер-министрі Мұхаммедкалый Абылғазиев бүгін Бішкек мэрін лауазымынан босату туралы бұйрыққа қол қойды.

Еске сала кетейік, 13 шілде күні Бішкек қалалық кенеш депутаттары қала мэрі Албек Ибраимовке сенімсіздік вотумын білдіріп, оның отставкаға кетуін талап еткен болатын.

Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, А. Ибраимов 19 шілде күні ұсталып, МҰҚК-нің Бас тергеу басқармасына жеткізілді.

МҰҚК Бас тергеу басқармасы бірқатар қылмыстық істерді тергеп жатыр. Тергеу барысында А. Ибраимовтің оларға қатысы бары туралы нақты мәліметтер анықталған.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.