Білім басқармасы полицейлермен бірге қылмыспен күреспек

654

Облыстық полиция департаментінің мәліметі бойынша жасөспірімдер арасындағы қылмыс өткен жылдың 10 айымен салыстырғанда 23 (16,5%) қылмыстық іске азайған.
Дегенмен, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға арналған іс-шаралар әлі де жетерлік. Осыған орай, бүгін облыстық білім басқармасының мәжіліс залында «Бала құқығы – адам құқығы» республикалық акциясы аясында Тараз қаласындағы колледждер мен мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған құқықтық кеңес өтті.
Жиынға облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Т.Жамалов, облыстық полиция Департаментінің Ювеналдық полиция бөлімшесінің басшысы Қ.Қалжанов, облыстық білім басқармасының баланың құқықтарын қорғау бөлімінің маманы М.Керімбеков, қалалық білім бөлімінің маманы Қ.Үкібасов және Тараз қаласындағы колледждер мен мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында ұйымдастырылған кеңес барысында облыс бойынша ағымдағы жылдың 10 айында кәмелетке толмаған жасөспірімдермен жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың профилактикасы турасында айтылып, бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелер талқыланды.
Мамандардың айтуларынша, қылмыс жасаушылардың арасынан әлеуметтік деңгейлері әртүрлі отбасынан шыққан жеткіншектерді кездестіруге болады. Себеп: ата-аналардың бала тәрбиесіне уақыт таба алмауы немесе салғырт қарауы. Бұл ретте құзырлы орган өкілдері ата-аналар мен ұстаздардың арасындағы байланысты нығайту керектігін қадап айтты.
Жиын соңында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары тиісті мамандарға нақты тапсырмалар беріліп, құқық бұзушылықтардың орын алмауын қадағалауда ұстауларын тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.