Барселонада Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды

506

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Барселонада Қазақстанның іскерлік және оқиғалы туризм әлеуетін таныстырды.

Барселонада «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ «IBTM World» 2018 көрмесінің аясында кезекті роуд-шоу (workshop) өткізді.

Бұл іс-шара аясында Қазақстанның іскерлік және оқиғалы туризм саласындағы әлеуеті көрсетілді. Оған бұл салада жұмыс істейтін қазақстандық компаниялар, сондай-ақ 50-ден астам халықаралық hosted buyers қатысты.

Көрменің бірінші жұмыс күні ITBM территориясында Қазақстанның іскерлік және оқиғалы туризм бағыттарының әлеуеті таныстырылды. Презентациядан кейін B2B сессиясы желілік форматта өтті, онда ұйымдастырушылар мен отандық компаниялар елдегі MICE туризмінің ерекшеліктері, қазақстандық туристік өнім туралы айтып, алдағы оқиғалар мен басқа да деректер туралы ақпарат алмасты.

Іс-шараның мақсаты — Қазақстанды MICE туризмнің дестинациясы ретінде ілгерілету. Осыған байланысты роуд-шоу аясында потенциалды «сатушылар» мен «сатып алушылар» кездесетін платформа құрылды. «Сатушылар» ретінде іскерлік және туристік туризм саласында жұмыс істейтін қазақстандық компаниялар болса, ал «сатып алушылар» ретінде ивент-агенттіктер және шетелдік туроператорлар болды.

Роуд-шоудың қорытындысы бойынша елімізде өткізілетін халықаралық іс-шаралар санының артуы күтіліп отыр, соның салдарынан Қазақстанға бизнес-туристер ағыны да артады.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.