Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Жанғозы Жаркенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.![]()

Қабылдауда тұрақты тұрғын үй алу, уақытша үй-жайға тұру, Ауған соғысында қаза болған баласының атына үй беру және өзге де жеке мәселелер бойынша тұрғындар болды.![]()

Қабылдау барысында азаматтардың өтініштерін тыңдаған Жанғозы Өмірғалиұлы мәселелердің заң аясында шешілу жолдарын түсіндірді.
Жұмыс жүргізу үшін бірқатар мәселелер бақылауға алынып, тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.