Ауылдың дамуы көз қуантады

70
Қордай ауданына жасаған жұмыс сапарым барысында Қақпатас ауылына бардым.
Ауылда 180 орындық мәдениет үйі салынған. Бүгінде құжатттарын реттеу және газға, жылу желісіне жалғау секілді жұмыстар жүріп жатыр. Инфрақұрылымдық жұмыстар аяқталған соң осы айдың соңында ашылуы керек.
Нысанда балалар игілігі үшін бірнеше үйірмелер, атап айтқанда домбыра, би, сурет өнері мен қолөнер бөлмелері бар. Үлкендерге де сүйікті ісімен айналысуға жағдай жасалған. Сондай-ақ кітапхана, конференция залы жұмыс істейтін болады, үлкен лэд экран қойылған.
2 800 тұрыны бар ауылдың дамуы көз қуантады. Тұрғындар табысы артып, осылай тұрақты дами берсе аудан экономикасына да үлес қоса бермек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.