Сарысу ауданы әкімінің 2026 жылғы 23 қаңтардағы № 7 — ж/к өкімімен Сақыпбеков Жұмат Жұмабекұлы аудан әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Жаңадан тағайындалған аудан әкімінің орынбасарын Сәкен Мамытов құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, аудандағы идеологиялық саланы жандандыру бойынша тиісті тапсырмалар жүктеді. Мұнан соң аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Молдабеков, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сахараб Қырғызбаев, аудандық алқабилер кеңесінің төрағасы Қалмырза Жандарбек пен Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Айтбала Жолмаханова да ізгі тілектерін жолдап, жемісті қызмет ете беруіне тілектестігін жеткізді.

Еңбек жолын 1998 — 1999 жылдары Жайылма ауылы, В.И.Ленин атындағы орта мектебінде есепші болып бастаған. 1999 — 2000 жылдары Жаңатас қаласы көгалдандыру және көріктендіру мекемесінде инспектор; 2000 — 2001жылдары «Мемлекеттік көп салалы коммуналдық шаруашылығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында есепші; 2001 — 2002 жылдары Сарысу аудандық денсаулық сақтау басқармасында есеп бөлімінің топ жетекшісі; 2002 — 2007 жылдары аудандық аумақтық емханасында бас есепші; 2007 -2011 жылдары аудандық аумақтық емханасында бас дәрігердің экономикалық сұрақтары жөніндегі орынбасары; 2011 жылдың наурыз айынан сәуір айына дейін Сарысу аудандық орталық ауруханасында бас есепшінің орынбасары;

2011-2012 жылдары Сарысу аудандық орталық ауруханасында бас дәрігердің экономикалық сұрақтар жөніндегі орынбасары; 2012 жылдың маусым айынан 2012 жылдың қазан айына дейін Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманның міндетін атқарушы, бас маман; 2012 -2013 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі; 2013 — 2018 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы; 2018 -2019 жылдары ҚРАШМ Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы республикалық мемлекеттік мекемесінің кадрлық, қаржылық, және құқықтық жұмыс бөлімінің бөлім басшысы; 2019 жылдың наурыз айынан 2019 жылдың мамыр айына дейін, Сарысу ауданы әкімі аппаратының аударма жөніндегі редакторы; 2019 -2021 жылдары Аппарат басшысының міндетін атқарушы, Сарысу ауданы әкімінің аппарат басшысы;

2021 жылдың шілде айынан 2021 тамыз айына дейін Сарысу ауданы әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы; 2021 — 2022 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі; 2022-2023 жылдары Сарысу ауданы әкімінің аппарат басшысы; 2023 — 2024 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп бөлімінің басшысы; 2024 жылдың шілде айынан осы күнге дейін Сарысу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы қызметін атқарған.