«Аты жаман аурумен күресіп келеді»

54

Танымал блогер әрі актриса Мереке Қалбаева Instagram парақшасында жүрекке жетерлік жазбасын бөлісіп, көпшілікті толқытты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ол өз оқырмандарына жеңгесінің денсаулығына қатысты хабар беріп, алаңдаушылық білдірді:

«Біз жылап жүрміз. Туған күн иесі, жаныма жақын алтын адам – менің жеңешем жарты жылдан бері аты жаман аурумен күресіп келе жатыр. Алайда мен жеңешемнің бұл ауруды жеңетініне, аяққа нық тұрып кететініне сенемін. Бұйырса 100 жасын тойлап отырамыз», – деді Қалбаева.

Сонымен қатар блогер оқырмандарына да үн қатып, туған күн иесіне жылы лебіздерін арнауға шақырды:

«Жанымызға жақындар аман болсын. Айдай сұлу жеңгемді туған күнімен құттықтап, ұзақ та хайырлы ғұмыр тілеп қойыңыздаршы, жандарым», – деп жазды ол.

https://arasha.kz/15367-aty-zaman-aurumen-kuresip-keledi-mereke-qalbaeva-el-estimegen-angimeni-aitty-video?fbclid=IwY2xjawNAeAdleHRuA2FlbQIxMQABHjtADiKhAh3lkE3wPIFK98HS_jcqQUXNi4J0a79DFSCovpliR-SCCoee0riF_aem_WX4qu6sgw3i0rFKXwYt2oQ

ашық дереккөзден

Leave A Reply

Your email address will not be published.