Танымал блогер әрі актриса Мереке Қалбаева Instagram парақшасында жүрекке жетерлік жазбасын бөлісіп, көпшілікті толқытты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ол өз оқырмандарына жеңгесінің денсаулығына қатысты хабар беріп, алаңдаушылық білдірді:
«Біз жылап жүрміз. Туған күн иесі, жаныма жақын алтын адам – менің жеңешем жарты жылдан бері аты жаман аурумен күресіп келе жатыр. Алайда мен жеңешемнің бұл ауруды жеңетініне, аяққа нық тұрып кететініне сенемін. Бұйырса 100 жасын тойлап отырамыз», – деді Қалбаева.
Сонымен қатар блогер оқырмандарына да үн қатып, туған күн иесіне жылы лебіздерін арнауға шақырды:
«Жанымызға жақындар аман болсын. Айдай сұлу жеңгемді туған күнімен құттықтап, ұзақ та хайырлы ғұмыр тілеп қойыңыздаршы, жандарым», – деп жазды ол.
https://arasha.kz/15367-aty-zaman-aurumen-kuresip-keledi-mereke-qalbaeva-el-estimegen-angimeni-aitty-video?fbclid=IwY2xjawNAeAdleHRuA2FlbQIxMQABHjtADiKhAh3lkE3wPIFK98HS_jcqQUXNi4J0a79DFSCovpliR-SCCoee0riF_aem_WX4qu6sgw3i0rFKXwYt2oQ
ашық дереккөзден