Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов аудандағы өзге этнос өкілдері көп шоғырланған Арыстанды ауылында болып, ауыл тұрғындарымен кездесті.![]()

Жамбыл облысындағы этнос өкілдері көп шоғырланған 25 елді мекеннің бірі осы Арыстанды ауылы. Бұл ауылда қазіргі таңда 256 күрді ұлтының өкілдері тұрып, мамыражай тірлік кешіп жатыр.

Ауданда «Барбанг» күрді этно — мәдени орталығы қызмет атқарады. Жетекшісі Арыстанды ауылының тұрғыны Айдарова Сайрам Абдулқадырқызы.![]()

Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Дайрабайұлы ауыл тұрғындарының жағдайын, ауылдың тыныс-тіршілігін көріп, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.![]()

Тұрғындар тарапынан көтерілген бірқатар мәселелер бақылауға алынды.
Сондай-ақ, кездесу барысында тұрғындармен ұлтаралық келісімді нығайту тақырыбында әңгіме қозғалды.
Бірлікті ту етіп, еңбектің қазанын қайнатқан Арыстанды ауылының тұрғындары аудан өміріне, аудандағы қоғамдық – мәдени шараларға белсене араласып, берекелі тірліктің үлгісін көрсетіп келе жатыр.