26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай Жұрындысай сауықтыру лагерінде “Жарқын болашаққа дұрыс қадам” тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – балаларға салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттердің алдын алу және өмірлік дұрыс таңдау жасауға бағыт беру. Тренинг барысында қатысушылар түрлі психологиялық және танымдық ойындарға қатысып, өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, нашақорлықтың адам денсаулығына, болашағына тигізетін зияны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Шара соңында балалар белсенділік танытып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын түсінді. Осындай профилактикалық жұмыстар жас ұрпақтың дені сау, саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.