ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Копдикбаев Жуалы ауданының әкімдігінің қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, ҚР-ның Конституциясына, мемлекеттік қызметшілер заңына енгізілген өзгерістір мен толықтырулар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізді.
Кездесу барысында, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың талаптары, әдеп қағидаларын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және азаматтық құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Сондай-ақ, қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.