Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

Таразда жаңа оқу жылына арналған дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Басқосуға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қатысып, білім саласының өзекті мәселелері мен алдағы міндеттерге назар аударды. Конференция барысында білім беру ұйымдарының үздіктері марапатталып, үздік мектептерге қаржылай сертификаттар табысталды.

Тамыз конференциясында негізгі баяндаманы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршубеков жасады.

Жиында білім беру саласының жетістіктері сараланып, жаңа оқу жылындағы басым бағыттар мен алдағы міндеттер сөз болды. Сонымен қатар ұстаздар мен білім саласының қызметкерлерінің еңбегіне ерекше мән берілді.

Конференция барысында бірқатар педагогтер жоғары марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, білім беру жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі және өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі жетістіктері үшін төрт маман Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» медалімен марапатталды.

Сондай-ақ үш педагогке Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі табысталды.

Білім саласының бірқатар өкілі Жамбыл облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен және Құрмет грамотасымен марапатталды. Бұдан бөлек, ұстаздарға облыс әкімінің Алғыс хаттары табысталды.

Үздік мектепке – 68 миллион теңге

Конференцияның маңызды жаңалықтарының бірі – 2026 жылғы «Орта білім беретін үздік ұйым» грантының иегері анықталуы.

Бұл грант Тараз қаласындағы Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназияға беріліп, білім ордасына 68 млн теңгенің сертификаты табысталды. Гимназия директоры – Әсем Маханова.

Сонымен қатар білім беру ұйымдары қызметтерінің тиімділігін бағалау рейтингі бойынша үздік нәтиже көрсеткен мектептер мен колледждерге де қаржылай сертификаттар табысталды.

Білім беру жүйесін дамыту мен жетілдіруге қосқан елеулі үлесі және өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі жетістіктері үшін марапатталады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ

«ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН» МЕДАЛІМЕН

ҚАРАБЕКОВА 

Ләззат Қожакелдіқызы

Тұрар Рысқұлов атындағы тірек мектебі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Мойынқұм ауданы
ИМАНАЛИЕВА 

Зейнеш Болысбекқызы

Меркі ауданының білім бөлімінің сектор меңгерушісі, Меркі ауданы
ӘБДІҚАЛЫҚОВА 

Кеңескүл

Дінмұхаммед Қонаев атындағы № 1мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі, Қордай ауданы
КӘРІБЕКОВА 

Құралай Отыбайқызы

Балтабай Адамбаев атындағы тірек орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Сарысу ауданы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ

«БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ» ТӨСБЕЛГІСІМЕН

АРҚАБАЕВ 

Бақытжан Жұмабекұлы

 

№ 1 Балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығының директоры, Қордай ауданы
БАЯЗИТОВ 

Виль Равильович

Ақыртөбе орта мектебінің алғашқы әскери дайындық жетекшісі, Тұрар Рысқұлов ауданы
ҚҰСБЕКОВА 

Сымбат Төлебайқызы

 

№ 1 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Байзақ ауданы

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ

«ОБЛЫСҚА СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» белгісімен

МАРАПАТТАЛАДЫ

ҚАЛЫБАЕВА 

Нұрсұлу Кенжеқызы

білім саласының ардагері, Жамбыл ауданы
ОРМАНБЕКОВА 

Әсет Байділдақызы

Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Тараз қаласы
КЕНЖЕБЕКОВА 

Рахат Жұмаққызы

Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының математика пәнінің мұғалімі, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
САГАНДЫКОВА 

Ольга Александровна

Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығының балалар шығармашылығы және спорт бөлімінің меңгерушісі, Тараз қаласы
ДҮЙСЕНБАЕВ 

Базарбай Рысбайұлы

«Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының» қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ

ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН МАРАПАТТАЛАДЫ

ШЫНЫБАЕВА 

Ләззат Махатқызы

Ермұхан Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі, 

Шу ауданы

ТЫНЫБАЕВА 

Бақтанкүл Пайзрахманқызы

Нығметұлла Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының музыка пәнінің мұғалімі, 

Байзақ ауданы

ГОЛОДКОВА 

Вероника Василевна

№ 3 «Мейірім» арнайы мектеп-интернатының сурдопедагогы, Тараз қаласы
ПАРМАНБЕКОВА 

Сәуле Хамитбекқызы

Ахмет Байтұрсынов орта мектебінің география-биология пәнінің мұғалімі, Мойынқұм ауданы
ӘБДРӘСІЛОВ 

Ғалымжан Қолғанатұлы

Тұрар Рысқұлов атындағы № 24 орта мектебінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы, 

Жуалы ауданы

МОЛТАЕВ 

Бейсенәлі Мансұрұлы

Шоқай Датқа атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі, Сарысу ауданы
ТАУБАЕВА 

Дамира Серікханқызы

Иван Трубицын атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының химия пәнінің мұғалімі, Меркі ауданы

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛАДЫ

АБДЫҚАСЫМОВА 

Орынбала Баймолдақызы

Қойгелді атындағы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Талас ауданы
КЕСІКПАЕВА 

Перизат Беделбайқызы

Талғат Бигелдинов атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі, Қордай ауданы
АЙДАРАЛИЕВА 

Айнаш Байсейітқызы

Әкім Тарази атындағы тірек мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Жамбыл ауданы
БАЙЛИЕВА 

Айнұра Берекеқызы

Ғани Мұратбаев атындағы гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Байзақ ауданы
ХОРЕШКОВА 

Ирина Николаевна

№ 1 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі, Тұрар Рысқұлов ауданы

2026 жылғы «Орта білім беретін үздік ұйым» грантының иегері

Тараз қаласындағы Әлихан Бөкейханов атындағы

№1 гимназиясына 68 млн. теңгенің сертификаты тапсырылады.  (директоры – Маханова Әсем Нұрғалиқызы)

«Білім беру ұйымдары қызметтерінің тиімділігін бағалау» рейтингісінің нәтижесінде ең жоғары көрсеткішке ие болған келесі білім беру ұйымдары марапатталады: 
  1. «Үздік инновациялық мектеп-лицей» номинациясы бойынша Меркі ауданындағы М.Әуезов атындағы № 9 мектеп-лицейінің ұжымына – 1 000 000 теңгенің сертификаты тапсырылады

(директоры – Қойшыманова Нүрила Сейсебайқызы)

  1. «Үздік мектеп-гимназия» номинациясы бойынша

Байзақ ауданындағы №1 мектеп-гимназиясының ұжымына — 1 000 000 теңгенің сертификаты тапсырылады

(директоры – Ускенбаев Мұрат Рысбекұлы)

  1. «Үздік мамандандырылған білім беру ұйымы» номинациясы

бойынша Облыстық Айша бибі атындағы дарынды

қыз балаларға арналған мамандандырылған

«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының ұжымына –

1 000 000 теңгенің сертификаты тапсырылады

(директорының м.а. – Абылай Әбіләзім)

  1. «Үздік ауыл мектебі» номинациясы бойынша

Қордай ауданындағы Бауыржан Момышұлы атындағы

№43 орта мектебінің ұжымына — 1 000 000 теңгенің сертификаты тапсырылады

(директоры – Абдуллина Гульбану Магрупханқызы)

  1. «Үздік шағын жинақталған мектеп» номинациясы бойынша Жуалы ауданындағы №27 Дихан орта мектебінің

ұжымына — 1 000 000 теңгенің сертификаты тапсырылады

(директоры – Молдақұлова Майра Қожахметқызы)

  1. «Үздік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы» номинациясымен Тараз қаласындағы

Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің

ұжымына — 1 000 000 теңгенің сертификаты тапсырылады

(директоры – Картаков Асхат Уайсұлы)

  1. «Үздік әлеуметтік серіктестік моделі» номинациясымен

Шу ауданындағы №10 Шу колледжінің ұжымына – 750 000 теңгенің сертификаты тапсырылады

(директоры – Мұсаева Тоғжан Тоқтарбайқызы)

  1. «Үздік дуальды оқыту тәжірибесі» номинациясымен

Сарысу ауданындағы Жаңатас көпсалалы колледжінің

ұжымына – 750 000 теңгенің сертификаты тапсырылады

(директоры – Түйтебаева Нұрландия Ералықызы)

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметтерінің тиімділігін бағалау» рейтингісінің нәтижесінде ең жоғары көрсеткішке ие болған келесі білім беру ұйымдары марапатталады:

  1. «Үздік инновациялық мектепке дейінгі ұйым» номинациясы бойынша Тараз қаласындағы № 45 «Балбұлақ» бөбекжай-бақшасының ұжымына — 1 000 000 теңгенің сертификаты тапсырылады

(меңгерушісі – Мамбетова Нұрзада Үсенқызы)

  1. «Үздік ауылдық мектепке дейінгі ұйым» номинациясы бойынша Жамбыл ауданындағы «Балдырған»  бөбекжай-бақшасының ұжымына – 1 000 000 теңгенің сертификаты тапсырылады

(меңгерушісі – Нартбаева Ақбота Маратқызы)

  1. «Үздік қалалық мектепке дейінгі ұйым» номинациясы бойынша Тараз қаласындағы № 8 бөбекжай-бақшасының

ұжымына — 1 000 000 теңгенің сертификаты тапсырылады

(меңгерушісі – Ақылжанова Жамиля Аманжолқызы)

TURANINFO.KZ

Comments (0)
Add Comment