Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды – саясаттанушы

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды – саясаттанушы
«Сайлау-2026» науқаны аясындағы теледебаттар телевизиялық алаңға қарай сайлаушылардың әртүрлі жастағы және гендерлік топ өкілдерінің назарын аударуда.

Дебаттар аудиториясының салыстырмалы деректерін Алматыда өткен «Сайлау-2026: саяси науқанның сипаты» сарапшылық алаңы аясында саясаттанушы, баспагер Бақытжан Бұхарбай таныстырды. Іс-шараны ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырды.

Ұсынылған деректерге сәйкес, «Qazaqstan» телеарнасындағы дебаттарды 560 мың адам, ал «7 арнадағы» эфирді 1,45 млн адам көрген. Сонымен қатар екі эфирдің аудиториясы жас және жыныстық құрамы жағынан бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленді.

«Qazaqstan» телеарнасындағы дебаттар аудиториясының 61,5%-ын ерлер, 38,5%-ын әйелдер құрады. Ал «7 арнада», керісінше, әйелдер аудиториясы басым болып, сәйкесінше – 66%, ерлердің үлесі 34%-ды құрады.

Comments (0)
Add Comment