Тойда уағыз айтып қамалған қарияның қызы мәлімдеме жасады

Жетісайда той үстінде уағыз айтып, қонақтарды ерлер мен әйелдер болып бөлек отыруға шақырған 66 жастағы қарияның қызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады.

Әлеуметтік желіде жарияланған бейнеүндеуінде ол әкесінің радикалды көзқарасты ұстанбайтынын айтып, Президенттен істі қайта қарауды сұрады.

Қыздың сөзінше, оқиға жабық отбасылық жиында болған. Ал той кезінде түсірілген видеоны әнші Роза Әлқожа рұқсатсыз жариялаған.

Ол әкесінің денсаулығына қатысты да алаңдаушылық білдірді. Айтуынша, 66 жастағы ер адам бұған дейін жол апатына түсіп, басына ота жасатқан. Сонымен қатар соңғы уақытта бірнеше жақынынан айырылған, бұл жағдай оның психологиялық жағдайына әсер еткен.

«Әкеме кешіріммен қарауды сұраймын», – деді ол.

Қарияның қызы Мемлекет басшысынан істің барлық мән-жайын жан-жақты қарап, әділ шешім қабылдауды өтінді.

Еске салайық, тамыз айының басында Жетісайда той үстінде сөз сөйлеген 66 жастағы ер адам өнер адамдарын сынап, ерлер мен әйелдердің бөлек отыруын талап еткен. Кейін оған діни алауыздық қоздырды деген айып тағылып, қамауға алынғаны хабарланды.

Коллаж: видеодан кадр
Comments (0)
Add Comment