2026-2027 оқу жылында «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қайырымдылық бағдарламасы аясында жоғары оқу орындарында білім алуға арналған қосымша 350 грант бөлді.
Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл гранттарды кімдер ала алатынын түсіндірді.
Білім грантына ауылдық елді мекендердегі, шағын және моноқалалардағы мектеп түлектері 25 жасқа дейін (25 жасты қоса алғанда) қатыса алады. Олар:
- Жетім балалар және кәмелет жасына толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар;
- Мүгедектігі бар адамдар;
- Мүгедектігі бар балалар тәрбиеленетін отбасылардың балалары, сондай-ақ ата-анасының бірі мүгедектігі бар балалар.
Білім гранты иегерлерінің оқу ақысы жылына 1 миллион теңгеге дейін төленеді.
Сонымен қатар, оқу барысында студенттерге ай сайын 60 мың теңге мөлшерінде шәкіртақы беріледі.
Шәкіртақы жазғы демалыс кезеңін қоспағанда, жыл сайын 10 ай бойы төленеді.
Бұған дейін Саясат Нұрбек мемлекеттік грантқа ие бола алмаған талапкерлерді университеттер ұсынған 2 мыңнан астам ректорлық және тағы 2 мыңнан астам әкімдік беретін грантқа үміткер болуға шақырды.
Фото: magnific.com