Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ✓25РМ мекемесінде, мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі М.Н. Каиповтың ұйымдастырумен және тәрбие бөлімі қызметкерлерімен, мекемеде жазасын өтеп отырған сотталған азаматтарға рухани әлеміне жарық сәулесін шашу мақсатында ерекше бір драма қойылды. Жамбыл облыстық орыс драма театрының әртістері келіп, өздерінің миссиясымен – «Алия- дочь казахской степи» спектаклін көрсетті. Қойылымда екінші дүниежүзілік соғыстың қаһарман қызы Алия Молдағұлованың өмір жолы, оның батылдығы, туған жерге деген шексіз сүйіспеншілігі жанды бейнелермен суреттелді, көз алдында жауынгер қыздың балалық шағы, майдан даласындағы ерлігі, сондай-ақ оның өлімге деген менмен қараған жігері өрбіді. Көрермендердің көзіне жас алды, кейбірі бастарын төмен салып, өз істеріне терең ой жүгіртті. Бұл – спектакльдің табысы еді, өйткені өнер адамды толғандырып, өзгерте алады.
Спектакль аяқталған соң, сотталғандар Орыс драма әртістеріне ұзақ қол соғып, ризашылықтарын білдірді. Мекеме әкімшілігі мұндай игі іс-шаралардың тәрбиеленушілердің бойында Отанға деген сүйіспеншілікті оятып, түзелуге деген ұмтылысын арттыратынын атап өтті. Қазақ драма театрының бұл қадамы – өнердің шекарасы жоқ екенін, ол кез келген жерде жүректің ең қатал қабырғасын да жұмсарта алатынын дәлелдеді.