Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №67 мекемесінде сотталғандар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Көшпенділер ойыны» спорттық іс-шарасы өтті.
Іс-шараның кіріспе бөлімінде қатысушыларға ұлттық ойындар мен салт-дәстүрге қатысты танымдық викторина ұйымдастырылды. Одан әрі сотталғандар арқан тарту, қол күресі және асық ату бойынша бақ сынап, күш-қуат, ептілік пен дәлдіктерін көрсетті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық ойындарды насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және ұйымшылдық пен өзара сыйластықты арттыру.
Іс-шара қорытындысы бойынша белсенділік танытқан екі сотталғанға белгіленген тәртіппен көтермелеу қолданылды.
Ұлттық ойын – ұлт рухының айнасы.