Ербол Қарашөкеев Құрылтай сайлауында дауыс берді

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласындағы №35 сайлау учаскесіне барып, Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады.
Өңір басшысы сайлаудың ел болашағы үшін маңызына тоқталып, бұл күн әр азаматтың ел тағдырына деген жауапкершілігін танытатын маңызды сәт екенін атап өтті.
– Бүгін біз тек дауыс бермейміз. Елдің болашағы алдындағы жауапкершілігімізді көрсетеміз. Қастерлі Отанымызда жүзеге асып жатқан ауқымды реформалардың берік негізі – жаңа Конституция. Ал Құрылтай – халықтың пікірін естіп, қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты нығайтатын маңызды институт, – деді Ербол Қарашөкеев.
Сондай-ақ облыс әкімі әулиеаталықтарды сайлауға белсенді қатысып, өз азаматтық ұстанымын білдіруге шақырды.
Айта кетейік, Жамбыл облысында 520 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Жалпы 730 мыңнан астам жамбылдықтың дауыс беру құқығы бар.
Comments (0)
Add Comment