Қазақстанда 9,3 млн адам жұмыс істейді

Қазақстанда еңбек нарығының негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.
Министрлік ұсынған деректер:
Қазақстандағы жұмыс күшінің саны — 9 млн 838,1 мың адам;
Жұмыспен қамтылғандар саны — 9 млн 392 мың адам;
Жалдамалы жұмыскерлер саны – 7 млн 290,4 мың адам;
Жұмысқа орналасқандар саны — 388 512 адам;
Тұрақты жұмысқа орналасқандар саны — 298 904 адам.
Жұмыс күшінің саны бір жылда 103 мыңнан астам адамға өскен. Ал жұмысқа орналасқандардың басым бөлігі тұрақты қызметке тұрған.
Министрліктің мәліметінше, жұмыспен қамтуға Электрондық еңбек биржасы, кәсіби оқыту және субсидияланатын жұмыс орындары сияқты мемлекеттік бағдарламалар ықпал етіп отыр.
Comments (0)
Add Comment