Елімізде Telegram мессенджері істен шықты: Қазақстандықтар қандай ақауларға шағымданды?

Қазақстанда Telegram мессенджерінің жұмысында жаппай іркілістер тіркелді. Бұл туралы елдегі сервистердің қолжетімділігін мониторингтейтін Detector404 қызметінің мәліметтерінен белгілі болды.

Тұтынушылардан алғашқы шағымдар бүгін, 13 тамызда сағат 11:25 шамасында түсе бастаған. Қазіргі уақытта арыздардың басым бөлігі Астана қаласынан, сондай-ақ Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарының тұрғындарынан тіркелуде. Қазақстандықтар мобильді қосымшаның істен шығуына, хабарландырулардың келмеуіне, медиафайлдардың жүктелмеуіне және смс-хабарламалардың жіберілмеуіне шағынып жатыр.

Пайдаланушылардың операциялық жүйелері бойынша шағымдардың ең көп үлесі iOS құрылғыларына тиесілі – 43,5%. Ал Android пайдаланушыларынан шағымдардың 35,1%-ы, Windows – 16,6%-ы, Mac OS X – 3,8%-ы және басқа да жүйелерден 1%-ы түскен.

 Qaz365.kz.

РИА Новости / Кирилл Каллиников

Comments (0)
Add Comment