Кеңес барысында денсаулық сақтау саласындағы бірқатар өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, кредиторлық берешекті азайту, медицина кадрларымен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту, ана мен бала денсаулығын қорғау, сондай-ақ медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жандандыру қажеттігі айтылды. Жиынды қорытындылаған аудан әкімі көтерілген мәселелердің әрқайсысын жан-жақты зерделеп, нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеуді және жүктелген міндеттердің сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді жауапты сала басшыларына тапсырды.