Бір жерде арқар мен марал еркін жайылып, көкжиекке дейін созылған дала қалың орманмен астасады десек, сенер ме едіңіз?
Бұл – «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі. 2011 жылы құрылған ұлттық парк Ақмола және Қарағанды облыстарының аумағында орналасқан. Жалпы аумағы 88 968 гектарды құрайды.
Мұнда өсімдіктердің 610 түрі, сүтқоректілердің 59 түрі және құстардың 211 түрі мекендейді. Олардың ішінде Қызыл кітапқа енген сирек жануарлар мен өсімдіктер де бар.
Бұйратаудың табиғаты арқар, марал, бұлан, елік пен қабан сияқты жануарлардың табиғи мекені саналады. Ал арнайы туристік бағыттар арқылы келушілер ұлттық парктің қайталанбас табиғатымен жақын таныса алады.
Бұйратау – табиғаттың әсемдігі мен биоалуантүрлілік үйлесім тапқан ерекше өлке.