Ақан Әбдуәлі «Қазақконцерттің» директоры болып тағайындалды

79
Ақан Әбдуәлі «Қазақконцерттің» директоры болып тағайындалды
Қазақконцерт
Ақан Әбдуәлі «Қазақконцерттің» директоры болып тағайындалды: 6 қаңтар 2026, жаңалықтар Turkystan.kz

Ақан Әбдуәлі Жылқышыбайұлы Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бүгін Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы Ринат Мұхаметқали және Мәдениет комитетінің төрағасы Ерлан Дакенов Ақан Жылқышыбайұлын Қазақконцерт ұжымына таныстырды.

Ақан Әбдуәлі Құрманғазы атындағы Қазақұлттық консерваториясын, Алматы экономика және статистика академиясын, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1996 жылы Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының орындаушысы қызметінен бастаған.

2003-2004 жылдары «Қазақконцерт» РМҚК орындаушысы болды.

2005-2007 жылдары «Елебеков атындағы республикалық эстрада және цирк колледжі» РМҚК оқытушысы қызметін атқарды.

2007-2008 жылдары «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ оқытушысы болды.

2008-2015 жылдары «Ахмет Жұбанов атындағы Дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты» РММ директорының орынбасары, директоры болған.

2015-2016 жылдары «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» РМҚК директоры қызметін атқарды.

2016-2018 жылдары Алматы облысы мәдениет, архив және құжаттама басқармасының басшысы болды.

2018-2019 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2019 — 2021 жылдары «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ ректоры болды.

2021-2022 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

2022 жылдан бастап Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының директоры болған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.