Әбу Насыр Әл-Фараби мен Абай оқулары онлайн байқауының нәтижесі шықты

366

Әбу Насыр әл-Фараби шығармашылығына арналған шығарма Бүгінгі күнмен үндесіп жатқан Ұлы Дала елі тарихындағы баба мұраларын насихаттау арқылы өскелең ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру мен бабалар мұрасына деген жастардың құрметін арттыру мақсатында ұйымдастырып жатқан байқауда облыс аудандарынан қатысқан қатысушылар бақтарын сынады.

«Өлмейтұғын сөз қалдырған артында» атты Абай оқуларының онлайн байқауына облысымыздың аудандары мен елді-мекендерінен 14 пен 29 жас аралығындағы жастар қатысты. Белгіленген уақыт аралығында 50-ге жуық үміткерден видео келіп түсті. Осынша қатысушының арасында ең үздік бір ғана жеңімпаз анықталды. Байқау ережесіне сәйкес үміткерлер Абай шығармаларын (білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасын немесе қара сөзін) жатқа оқу, «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзіндіні көркемсөз оқу талаптарына сай шеберлікпен орындау бойынша сайысқа түсті.

Бекітілген комиссия мүшелерінің ұйғарымы бойынша «Өлмейтұғын сөз қалдырған артында» атты Абай оқуларының жеңімпазы Виктория Вячеславовна үздік деп танылып, арнайы диплом мен сыйлық табысталды.

«Әлемнің екінші ұстазы» атты Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған онлайн шығармалар байқауының жеңімпазы Ақжігіт Жетпісбай лайық деп танылды. Жеңімпазға диплом және сыйлық табыс етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.