«Nur Otan» партиясы Тараз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

673

Оспанов Жанәділ Ағабекұлы «Nur Otan» партиясы Тараз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

1987 жылы 13 желтоқсанда Жамбыл облысы Сарысу ауданында дүниеге келген. 2009 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін мемлекеттік басқару мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы Сарысу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Сарысу жастары» КМҚК «Жастар тәжірибесі» бойынша бастаған. 2010-2011 жж сол мекемеде нұсқаушы, 2011-2012 жж Сарысу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы, 2012-2013 жж Сарысу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Сарысу жастары» КММ директоры, 2013-2014 жж «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысы, 2014-2015 жж «Nur Otan» партиясы ЖОФ партияның Сайлауалды тұғырнамасын іске асыру және бақылау бөлімінің консультанты, 2015-2017 жж «Nur Otan» партиясы ЖОФ саяси жұмыс бөлімінің консультанты, 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап осы күнге дейін «Nur Otan» партиясы ЖОФ ұйымдастыру-бақылау жұмыс бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. Үйленбеген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.