«Наурыз Challenge»: Жамбыл облысында 30 отбасыға әлеметтік пакет ұсынылды

Бұл туралы "Nur Otan" партиясы Жамбыл облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлайды.

554

Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев «Nur Otan» партиясының кезекті XVIII съезінде әлеуметтік мәселелерге аса маңыз беру бастамасын көтерген болатын. Бастаманы жүзеге асыру мақсатында аз қамтылған, көп балалы отбасыларға көмек көрсету үшін «Наурыз Challenge» республикалық акциясы бастау алған болатын.

Бүгінгі күнге дейін республиканың барлық аймақтарында акция аясында көптеген кәсіпкерлер тартылып, жан-жақты көмек көрсетілуде. Мәселен, жуырда Жамбыл облысының Қордай ауданында кәсіпкер азамат үш отбасыға үш пәтер алып берген болатын.

Осы мақсатта Жамбыл ауданының кәсіпкерлері аймақтағы аз қамтылған көп балалы 30 отбасыға 600 мың тг қаражатты құрайтын әлеуметтік пакет (Ұн – 50 кг, қант – 25 кг, макарон – 5 кг, күріш – 5 кг, күнбағыс майы – 5 л,  шай — 2 қорап, картоп – 10 кг, пияз — 10 кг, конфет – 1кг, печенье -1кг)  ұсынды.

Бұл бастама барлық аудандарда сәтті жүзеге асып, кәсіпкер азаматтар азық-түлік, киім-кешек, қаржылай түрде көмек көрсетіп, коммуналдық төлемдерді төлеп беруде аса белсенділік танытуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.