Оқушыларға «Көгілдір такси» театрландрылған қойылымы көрсетілді

1 000

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің «Азаматтық бақылау» жобасын іске асыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберiнде «Жамбыл облыстық қоғамдық бақылау және мониторинг орталығы» қоғамдық қоры Жамбыл облыстық драма театрымен бірлес отырып мектеп оқушыларына арнап «Көгілдір такси» театрландырылған қойылымының көрсетілімін ұйымдастырды. Қойылымның сюжетіне сәйкес бас кейіпкер жемқорлықпен айналысып, жоғары лауалымға дейін көтеріледі. Алайда не доссыз, не туыссыз қалады және бар тапқан таянғаны, ұрлағандары алдынан шығады.

Қойылым Тараз қаласында орта білім беретін мектептердің жоғарғы сынып оқушылары шақырылды. ҚҚойылым барлық қатысушыларына бірдей тегін көрсетілді.

Қойылымды көрген жастар, өскелең ұрпақ, жемқорлықтың жақсылыққа апармайтындығын, қандай жаман іс-әрекет жасасаң міндетті түрде айналып алдынан шығатын түсіне білді. Қойылымға қатысқан жастар театрдағы қойылымды ойнаған әртістердің актерлық шеберліктеріне, өз персанаждарын жоғары деңгейде ойнап шыққандарына жоғары баға беріп, зор қошемет көрсетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.