Есірткі бизнесіне қатысты 36 факт тіркелді

703

Жамбылдық полицейлер «Допинг» жедел-профилактикалық шарасын өткізуде.  Оның аясында бірқатар заң бұзушылықтар анықталып,  шамаман 3 келі есірткі заты тәркіленді.

Осылайша бірнеше күн ішінде есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың 36 фактісін анықтаған. Оның ішінде есірткі контрабандасының екі дерегі, ірі көлемдегі есірткі заттарына байланысты үш оқиға орын алған. Сондай-ақ, 24 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліпті.

Тәркілеу кезінде заңсыз айналымнан жалпы салмағы 2 келі 765 грамм есірткі алынған. Оның ішінде 1 келі 125 граммы – гашиш, 1 келі 640 граммы – марихуана. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары  20 тонна этил спирті, 430 ампула психотроптық және есірткі заттары, күшті әсері бар 20 таблетканы да тауып, тәркілепті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.