Қазақстандық қос боксшы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

551

Қазақстандық қос боксшы әйелдер арасында Нью-Делиде (Үндістан) өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды AraiNews ақпарат агенттігі.

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінен мәлім еткендей, Карина Ибрагимова мен Жайна Шекербекова финалға шығу үшін сынға түседі. Карина Ибрагимова ширек финалда 60 келіге дейінгі салмақта қытайлық Венлю Янгты ұтты.

Ал Жайна Шекербекова 51 келіге дейінгі салмақта Польша елінің өкілі Сандра Драбиктен басым түсті. Осылайша Карина мен Жайна кемінде қола медальға ие болады.

Өкінішке қарай, Фариза Шолтай ширек финалда 81 келіге дейінгі салмақта тағы бір поляк қызы Виктория Кабиковаға жол берді. Милана Сафронова 64 келіге дейінгі салмақта украиналық Мария Бовадан ұтылды.

81 келіден жоғары салмақта Ләззат Күнгейбаева да америкалық Даниэлла Перкинстен айласын асыра алмады.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.