Таразда «7-20-25» бағдарламасын түсіндіретін офис ашылды

561

Тараз қаласында «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында арнайы орталықтандырылған түсіндіру офисі ашылды.

Тараз қаласындағы Қолбасшы Қойгелді көшесі № 173 үйде орналасқан офисте бағдарламаға қатысушы барлық екінші деңгейдегі банк өкілдері шоғырланған. Енді ол қала тұрғындарын мәліметтік кеңестер, жеңілдіктер туралы хабардар етіп, сол арқылы ипотекалық бағдарламаны қарқынды жүзеге асыру үшін жүйелі жұмыстар жүргізілмек. Сонымен қатар, онда бағдарлама бойынша «Арай» тұрғын алқабы, Сүлейменов көшесінің соңындағы 15- шағын аудандағы үйлерден пәтер алуға тұрғындардан өтініштер қабылданады. Серіктес екінші деңгейлі банктердің құжаттарды рәсімдеу, пәтердің  ауданы мен бөлмесі, бағасы туралы толық ақпаратты да алуға болады.

Айта кетейік, бүгінде облыс орталығында тұрғын үй кезегінде тұрған 16500 адамның ішінен 300 адам бағдарламаға қатысуға ниет білдірген.   Ниет білдірушілерге  «Арай -2» алқабынан  101 пәтер және «Бәйтерек девелопмент» АҚ тұрғызған 34 пәтер екінші деңгейлі банктер арқылы ұсынылуда. Одан бөлек, жақын арада жаңа 15-шағын аудандағы 800 пәтердің 559-і «7-20-25» бағдарламасы арқылы ұсыныла бастайды деп күтілуде.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.