Жамбылдық полицейлер көңіл көтеру мекемелеріне тексеріс жүргізді

645

Таразда полицейлер кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу шараларын жүргізді.

«16-18 қараша күндері жастар көңіл көтеру орындарында «Студент күнін» тойлап жүргенде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жылжымалы топтар рейд жүргізді. Қаладағы дәмханалар, бильярд, компьютер клубтары және басқа да көңіл көтеру мекемелері тексерілді», — деп мәлімдеді құқық қорғау органдары.

Рейд барысында 19 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің түрлі баптарына сәйкес хаттамалар толтырылды.

Құқықбұзушылықтардың көбі (8 хаттама) 442-баптың 2-бөлігімен («Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы») тіркелген.

Бұдан тыс, жасөспірімдер 434-бап («Жеке тұлғалардың спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларда жүріс-тұрыс қағидаларын бұзуы»), 441-бап («Жекелеген қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салуды бұзу») бойынша да жауапқа тартылды. Ал 200-баптың («Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу») 3-бөлігін («Мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткiзудi қоспағанда, алкоголь өнiмiн: сағат 23-тен келесі күнгі сағат 8-ге дейiн; этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткiзу») бұзған мекеме иелеріне айыппұл салынбақ.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.